Русский Сайттың толық нұсқасы

Әділет органы қызметкерлері 119 сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2018
  • 3053

Соңғы 3 жылда әділет органының қызметкерлері 119 жемқорлық қылмыс жасаған. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясында өткен қоғамдық кеңесте айтылды. Жиында мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлыққа жол берілетін жағдайлар анықталғаны айтылды. Олар негізінен Әділет министрлігінің бөлімшелерінде, нотариустарда, сот орындаушылар мен сот сарапшылары қызметінде, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық органдарда табылған. Мәжіліс депутаттары мен құқыққорғау орган өкілдері қатысқан отырыста, Әділет министрлігіне кемшіліктерді жою үшін, бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Соның бірі - қызметтерді электронды форматқа көшіру.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Сыбайлас жемқорлықты жасауға мүмкіндік болмайтын жағдай жасау керек. Осы сияқты қазір ұсыныстар енгізілетін болады. Екіншіден, көптеген мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету бойынша, өйткені адамдармен, қызметкерлермен байланысты емес, электронды түрде мемлкеттік қызмет көбейетін болса, онда сыбайлас жемқорлықты жасауға да мүмкіндік болмайды.