Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ келешекте Ақтау мен Құрық порттары арқылы Ауғанстанға жүк тасымалдайды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2018
  • 2812

АҚШ келешекте Ақтау мен Құрық порттары арқылы жүк тасымалдайды. Аталған екі айлақ Америкадан Ауғанстанға жеткізілетін және кері шығатын арнайы жүктердің транзиттік бағытына енгізілді. Бүгін Сенат тиісті заң жобасын ратификациялады. 

Америка тарапы аталған желіге қызығушылық білдіріп, тасымал бағытына өзгеріс енгізу туралы өтініш берген. Солтүстік тарату желісіне Қазақстандағы Ақтау және Құрық порттарын қосу ұсынылды. Сенатта Заң жобасын таныстырған Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев транзит төлемдері халықаралық тауар тасымалы тарифтері бойынша жүзеге асатынын айтты. Қазақстан - АҚШ-тың стратегиялық әріптесі әрі Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді қалайтын ел. Сондықтан солтүстік тораптың қызметі ұлттық мүддеге сай. Әрі елдегі көлік жүйесі мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуға оң әсер етпек.

Ержан Ашықбаев, ҚР сыртқы істер вице-министрі:

Америкалық тарап солтүстік тарату торабының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында келісімге Ақтау және Құрық порттарын енгізуді ұсынды. Ол арнайы жүктерді Әзірбайжаннан Каспий теңізі арқылы, Қазақстанға, одан ары белгіленген теміржол бекеттері арқылы Өзбекстанға және Ауғанстанға жеткізуге мүмкіндік береді.