Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржылық қызмет көрсетуге тұтынушылар құқығын бұзған банктерге 23 миллион теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2018
  • 2512

Қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылар құқығын бұзған банктерге 23 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл алғашқы 3 айдың қорытындысы. Ақпаратты Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Астана банкі" АҚ-на 18,3 млн теңге айыппұл төлемек. Банк Ұлттық банкке тұтынушылары жасаған операциялар туралы мәлімет бермеген. Нұрбанкке, субъектінің келісімінсіз несие бюросынан несие есебін сұратқаны үшін, 1,9 миллион теңге айыппұл салынды. Тағы 227 мың теңгені құқық белгілеуші құжатты жоғалтқаны үшін өтемек. Qazaq Banki төлем құжатының тәртібін бұзған. 1,3 миллион теңге айып төлейді. Ресей Жинақбанкі мен Центр Кредит банк Ұлттық банкке, тұтынушылар құқын қорғау жөнінде күмәнді ақпарат бергені үшін, 481 мың теңге айыппұл өтеуі тиіс. Ұлттық банк тұрғындардан түскен шағымдарды тексере келе, Астана банкі, Қазкоммербанк, Ресей Жинақбанкі мен ForteBank-тен бірқатар заңбұзушылықтар анықтаған.