Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 20-21 сәуір аралығында "Біржан-Сара" эксклюзивті қойлымының тұсаукесері өтпек

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2018
  • 2545

Астанада Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсының эксклюзивті қойлымының тұсаукесері өтпек. Заманауи қойлымның басты ерекшелігі - қалпына келтірілген музыкалық фрагменттер болады. Қойылымда 3Д технологиясы қолданылмақ. Басты рөлдерде Халықаралық байқаулардың лауреаттары Мейір Байнеш, Бейімбет Таңарықов Біржан салды сомдаса, ал Сараның рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Майра Мұхамедқызы және Жаннат Бақтай орындайтын болады. Айрықша қойылым Астана Опера театрында сәуірдің 20-сы мен  21-і аралығында шымылдығын түреді.

Асхат Маемиров, режиссер:

Осы "Біржан-Сара" арқылы, әрине, Мұқан Төлебаевтің өміршең ғажап музыкасына куә боласыздар. Қажым Жұмалиев жазған керемет либретто. Сонымен бірге, әрине, басты айтып өтетін нәрсе - сценографиясы. Осы 6-7 ай бұрын шығармашылық топ жұмысын бастады.