Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында «Көлсай» аумағына баратын жолды лай көшкіні басып қалды

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2018
  • 5428

Алматы облысындағы «Көлсай» демалыс аймағына баратын жолға лай көшкіні қаупі төніп тұр. Сол себепті  жол уақытша жабылдыКеген ауданына қарасты Саты ауылы мен «Көлсай» демалыс орнын жалғайтын тас жолдың 400 метрдей бөлігін топырақ басып қалған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, тау жынысының бір бөлігі опырылған. Жергілікті тұрғындар жолдаған мына бейнетүсірілімде, лайдың екпінмен жылжып келе жатқанын байқауға болады. Соның салдарынан 4 электр бағанасы құлап, «Төменгі Көлсай» аймағы электр энергиясынан ажыратылған. Демалушылар қазір қауіпсіз жерлерге көшірілді. Лай көшкіні адам тығыз қоныстанған елді мекеннен 5 шақырым қашықтықта орын алған. Сондықтан тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ, дейді құтқарушылыр. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен әкімдік қызметкерлері барып, арнайы штаб жұмысқа кірісті.

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД ресми өкілі:

Жауынның мол түсуіне байланысты, жердің ылғалдануына байланысты және де ол жерде сырғыманың бұрынғы орындары бар екен, сейсмикалық аймақ саналады. Бұл жер таулы аймақта болғандықтан, тұрғын үйлер мен адамдарға қауіп төніп тұрған жоқ.