Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде шыбын-шіркейді улау жұмыстары басталды

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2018
  • 3962

Өскеменде биыл кене жылдағыдан ерте бас көтерді. Күні бүгінге дейін 93 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар кене көп шоқырланған аймақтарда дәрілеу жұмыстарын бастап кетті. Ал, Оралда шыбын-шіркейді улау жұмыстары басталады. Биыл зиянкестерді улау ісіне батыс Қазақстан облысы 49 миллион теңгеге жуық қаржат бөлген.

Өскеменде жеті жасар баланы кене шағып, ауруханаға түсті. Ал айналасы екі апта ішінде 93 адам осы жәндіктен жапа шеккен. Қазір  қалада кенелер көп шоғарланған 9 бірдей ошақ анықталып отыр. Сол маңда тұратындар мен жұмыс істейтін адамдарға екпе жасалды. Эпидемиолог дәрігерлер кенелердің шабуылы маусым айына дейін бәсеңдемейтінін айтады.

Замира Бакенова, Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Әзірге Өскеменнің айналасын ғана өңдеп жатырмыз. Бұл жерлерде кенелер көп кездеседі. Егер шахар тұрғындары осындай қатерлі аймақтарға барып, кене тістеп алса, үш күннің ішінде дәрігерге барып, иммуноглобулин алуы тиіс.

Биыл кене шаққандарға қажет дәріні сатып алуға ел бюджетінен 138 миллион теңге бөлінген. Дегенмен қаладағы бақтар мен гүлзарлар дәріленетін алқаптар санатына кірмепті. Мамандар бұл іске ақша қаралмағанын айтады. Сондықтан эпидемиологтар тұрғындардың барынша сақ болуын ескертумен шектеліп отыр. Ал, Батыс Қазақстан облысында шыбын-шіркейді улау жұмыстарына 49 миллион тенге бөлінген. Биыл бұл шара екі кезең бойынша жүргізілмек. Алдымен дернәсілдер дәріленеді. Өйткені зиянкестер күш алып кетпеуі үшін  олардың ұрығын жою қажет, дейді мамандар. Қала маңындағы 8 мың гектардан астам аумақты өңдеу жоспарланып отыр. Оған қала іргесіндегі 4 елдімекен мен орталық саябақ қамтылған.

Қуаныш Шарафутдин, БҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Мердігер анықталды, осы жұмада жұмыс басталады. Қазір ауа райына байланысты поставщиктермен кездестік. Бүгін-ертең басталуы керек. Ауыл жақтарда енді жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес, жергілікті әкімдік масаға қарсы іс-шараларды өздері ұйымдастыруына болады.

Ал арнайы препаратарды ұшақпен әуеден шашу мүмкін емес көрінеді. Бұл қызметтің құны бөлінген қаржыдан үш есеге қымбат. Сондықтан биыл да арнайы техникамен шектелеміз деді тиісті мекеме өкілдері

Еркін Карин