Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 4028

Бүгін Ақтауда өгей баласын өлтірген әйелге үкім шықты. 35 жастағы Тұрсынай Сәрсенова 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 16 жастағы өгей баласын 20 рет пышақтап өлтірді деп айыпталып отыр.

Сот қорытындысы бойынша Тұрсынай Сәрсенованы 15 жылға әйелдер колониясына тоғытылсын. Бүгіннен бастап 15 тәуліктің ішінде соттың үкіміне шағым түсірілуі мүмкін.

Елді елең еткізген бұл оқиға қаңтар айында Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында болды. Өгей шешесі жасөспірімді пышақтап, азаптап өлтірген деген күдікке іліккен еді. Нұрсұлтан, туған әке-шешесі ажырасқанда, әкесінің қолында қалған. Туған анасының айтуынша, бала өгей шешесімен жанжалдаса беретінін айтып шағымданған. Дегенмен, сотталған әйелдің қорғаушысы мен туғандары соттың қорытындысына көңілі толмайтындарын жеткізді. Енді олар апелляцияға бермекші. Айта кету керек, сотталушының 4 баласы қалып отыр.

Гүлсімай Сәрсенова, сотталушының сіңілісі:

Тергеу дұрыс жүргізілмеген. Бұрмаланған. Адвокат бәрі дәлелдеді. Сот әділ болған жоқ. 

Қайрат Асанов, сотталушының күйеуі:

Қарсымын соттың шешіміне, қайта қарау керек.