Русский Сайттың толық нұсқасы

52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілерін қамау мерзімі ұзартылды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 3161

Ақтөбе облысында қаңтар айында 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілерін қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Анар Айтжанова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ақтөбе қаласы номері екінші сотының 21 сәуір 2018 жылғы қаулысымен Қырғызбаевқа, Таңатовқа, Пернебековке қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы 24 мамырға дейін ұзартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жантүршігерлік оқиға18 қаңтар күні Ырғыз ауданында болған еді. Шымкенттен Қазан қаласына бара жатқан автобус өртеніп, ондағы 55 адамның 52-сі қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Өрт салонды жылыту үшін дәнекерлеуші лампаны қолданғаннан болған.  Ал қаңтар айының соңында автобустың аман қалған үш жүргізушісіне абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекетке барды деген айып тағылып, қамауға алынған болатын. Оларды қамақта ұстау мерзімі осымен екінші мәрте ұзартылып отыр. Тергеу жалғасып жатыр.