Русский Сайттың толық нұсқасы

Сағынтаев Шөкеевке ескерту жасады

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2018
  • 3310

Үкімет ет өндірісіне білек сыбанып кіріспекші. Бүгін Үкімет үйінде 2018-2028 жылдарға арналған ет шаруашылығын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Құрастырған Ауыл шаруашылығы министрілігі. Атауына қатысты Өмірзақ Шөкеев премьерден ескерту естіді. Сағынтаев, ет өндірісін дамыту бағдарламасын "ұлттық стартегия" деп атау - қателік, деді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Өмірзақ Естайұлы, өзіңізбен де сөйлескенбіз. Бізде бір ғана ұлттық стратегия бар ол - "Мәңгілік ел". Ет шаруашылығын дамыту бағдарламасы ұлттық стартегия деп аталмай, мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы болып қалу керек. Сіздің орынбасарыңыз да, әкімдер де ұлттық стратегия деп айтып жатыр. Ол дұрыс емес.

Бағдарлама инвестициялық субсидиялар арқылы біраз белесті бағындырмақ. Есеп бойынша: фермерлік шаруашылықтар саны 20 мыңнан 100 мыңға өседі. Ауылда жұмыс орындары: 100 мыңнан 500 мыңға дейін ұлғаяды. Сиыр және қой еті өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін арттырып, экспортттан түсетін пайда көлемін $2,4 млрд дейін ұлғайтуға жол ашылмақ. Ал "ҚазАгро" шаруаларға 4 пайызға несие беруге дайын.

Нұрлыбек Мәлелов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы:

Фермерлер малдарды одан әрі көбейтіп өсіру үшін, төлдейтін мал сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын және мал азығы өндірісіне жабдықтар сатып алуға, мал ұстайтын орындарды салуға, айналым қаражаттарын толықтыруға және бизнес жүргізуге қажетті өзге де мақсаттарға 15 жыл мерзімге пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырып, жылына 4%-ға несие ала алады. Биыл барлығы фермерлерді қаржыландыруға шамамен 50 млрд тг бағыттау жоспарланған.