Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Есеп комитеті төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2016
  • 1526

Бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды және 66 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Президент қабылдауында болған Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы өткен жылы 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізілгенін айтты. Қаржылық заң бұзушылықтар құны - 1,3 триллион теңге. Орны толтырылуға тиіс 128 миллиард теңгенің 87 миллиард теңгесі өтелген. Тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке және басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданған. 

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы:

Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде, біріншіден, мемлекеттік аудитқа көшу жұмыстарын ерекше бақылауда ұстау үшін. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА