Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы "психологиялық соғысты" тоқтатады. Яғни шекарада дауыс зорайтқыш арқылы үздіксіз жүретін үгіт-насихат енді болмайды, деп хабарлайды Рейтерс.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс
министрлігі бұл өзара қақтығыстарды азайтады деген сенімде. Мұндай қадам
27 сәуірдегі қос ел президенттерінің кездесуі қарсаңында әскери теке-тіресті
тоқтату үшін жасалған. Дауыс зорайтқыш қондырғы шекарада 1963 жылы
пайда болды. Оны бірінші Оңтүстік Корея орнатты. Пхеньян да қарап қалған жоқ.
2005 жылы тараптар үгіт-насихатты тоқтатуға келіскен. Бірақ бір жылдан соң,
КХДР жасаған 4-ядролық сынақтан кейін Сеул құрылғыны қайта іске қосты. Енді
Оңтүстік Корея қондырғының үнін көрші ел де өшіреді деп үімттенеді.