Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев адам қаққан автокөлікте болған

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2018
  • 3235

Риддерде адам қаққан шенеуніктің көлігінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев та болған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының өкілдері мәлімдеді. Оқиға 15 сәуірде орын алған еді. Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев басқарған қымбат көлік 19 жастағы жігітті қағып өлтірді. Бейнетіркеуіштен алынған видеода көліктің жолда қауіпті жағдайда жүріп келе жатқаны көрініп тұр. Соңынан полицейлер қуып келе жатқаны да байқалады. 

- А почему он сдает так? Туда-сюда, поди, пьяный. Вот он мент все говорит по рации.

Прокуратураның хабарлауынша, қайтыс болған жігіттің әкесінің досы Риддердегі полиция басқармасына шағым жазғаннан кейін, басшыларының бірінен қысым көрген. Олардың процессуалдық шешім қабылданатынын айтып өзін қорқытқанын жайып салған. Қазір полиция қызметкерлеріне қатысты іс қозғалған.

Мақсұт Тоқсанбаев,  ШҚО прокурорының көмекшісі:

Қазіргі уақытта облыстық ісші істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен Қылмыстық кодексінің 370 және 362 бабымен 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізілуде.

Айта кетейік, Өскемен қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шахар басшысы Қуат Тұмабаев қызметін атқарып жүр. Жол апатына қатысты қозғалған іске ол куәгер ретінде тартылған.