Русский Сайттың толық нұсқасы

Шамадан тыс салық талаптары инвесторлардың қызығушылығын төмендетуі мүмкін - Елші

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2018
  • 3401

Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салық талаптары шамадан тыс жоғары. Бұл шетелдік  инвесторлардың қызығушылығын төмендетуі мүмкін. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол осылай деп мәлімдеді. Астанада Экономикалық саясат жөніндегі АҚШ сауда палатасының форумы өтті. Дипломат Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебіне сай осындай тұжырымға келген. Ондағы деректер бойынша, Қазақстанның тау-кен саласындағы салық жүйесі халықаралық тәжірибеден мүлде алшақ жатыр. Джордж Крол бұл жағдай әлеуетті инвесторларды тартуға кедергі болып отыр деген пікірде. 

Джордж Крол, Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті ЕлшісІ:

Заманауи технологияларды тарту Қазақстан экономикасы үшін маңызды. Үкімет жүргізіп отырған реформалар өте жақсы деп айта аламын, бірақ олар әрдайым орындалуы керек. Бюрократия деген нәрсе тағы бар. Бұл Америкаға да тән қиындық.