Русский Сайттың толық нұсқасы

Армения парламенті премьерді 1 мамырда сайламақ

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2018
  • 2649

Бүгін Армения премьерін тағайындау мерзімі 1 мамырға жоспарланғаны белгілі болды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Ол үшін парламент арнайы жиын өткізбек. Оппозиция билік басына халық арасынан 43 жасар Никол Пашинянды сайлауды талап етіп отыр. Республикалықтар, яғни билік партиясы, мұнымен келіспейді. Олар бұл талап ата заңға қайшы деп санайды.

Ал Еревандағы ереуілдер әлі тоқтар емес. Бүгін тағы мыңға жуық адам көшеге шықты. Оппозиционер Никол Пашинян "Республикалық партияның тізе бүгуін талап етеміз" деп мәлімдеді. Айта кетейік, елдегі дүрбелең бұрынғы президент Серж Саргсянның Үкімет басшысы болып тағайындалуынан кейін басталды. Оппозиция өкілдері ол басқарған биліктің тиімсіздігі үшін, ал өткен жылғы экономикалық жағдай өте нашар болғаны үшін айыптады.  17 сәуір күні олардың "мақпал революциясы" жарияланғанына қарамастан, парламент оны премьер тағына тағайындады. Бірақ бірнеше күнге созылған наразылықтан соң Серж Саргсян отставкаға кетті.