Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық экономика вице-министрлері тағайындалды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2018
  • 2345

Бүгін Ұлттық экономика министрінің орынбасарлары ауысты. Олардың орындарын нәзік жандылар басты. Ол - Мадина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова. Мадина Жүнісбекова стратегиялық жоспарлау және сараптау, әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту мен жобалық басқаруға жауап бермек. "Болашақ" бағдарламасымен білім алған ол бұған дейін Президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Кейін премьер-министр кеңесшісі болды. 2014 жылдан бері Үкімет канцеляриясында қызмет еткен.

Ал жаңа тағайындалған екінші вице-министр Дана Жүнісоваға халықаралық экономикалық интеграция, халықаралық әріптестік, сауда және ішкі сауда қызметі жүктелген. 33 жастағы шенеунік үкіметке қарасты мекемлерде, ал 2013 жылдан бері "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еткен болатын.