«Нұр Отан» партиясының республикалық қабылдау бөлмесінде Қазақстан халқы ассамблеясынан Парламент депутаттарының бірыңғай қабылдауы өтті. Халық қалаулыларымен Астана мен елдің өңірлерінен келген тұрғындар кездесті. Қабылдауға елордалық «Зерде» мектебінің оқушылары да келді. Жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өтетін «Бірыңғай қабылдау күні» дәстүрлі акциясымен бірге, оқушыларға «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының аясында мемлекеттік тілге аударылған алғашқы 18 кітап ұсынылды. Бұл гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік оқу-әдістемелік құралдар, әлемдік деңгейдегі заманауи ғылыми жұмыстар. Астаналық оқушылар бұл кітаптарды аударған тіл мамандарымен жүздесу құрметіне ие болды.
Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Осы дүниеге танылған кітаптардың негізінде, осы дүниеге танылған ғылыми еңбектердің негізінде ертеңгі күнін кадрларын дайындау. Ең алдыңғы қатарлы еңбектер бұнда тұр. Бұл сол үшін біздің мемлкетіміздің бағасы жоқ қазынасы болып есептеледі.