Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 4 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2018
  • 4013

Алматыда 4 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығы жабылды. Бұл туралы қалалық департамент хабарлады. Мұндай шешім қабылдауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жүргізген тексеру нәтижесі себеп болған. Бірқатар орталықтарда жұмыс көлемі тым аз көрінеді. Яғни негізгі орталықта бір маман келушілерге күніне 20-25 қызмет түрін көрсетсе, екінші бөлімдегілер 5 міндетпен шектеліп отырған. Мәселен, Алмалы, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы нөмірі екінші орталықтардың қызмет көрсету жүктемесі төмен.

Жаңыл Әпекова, Алматы қаласы ХҚКО департаменті қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

Ешкім жұмыссыз қалған жоқ. Цифрландыруға байланысты, әрі халықтың уақытын үнемдеуге байланысты, одан кейін қаржыны үнемдеуге байланысты осындай жұмыстар жүріп жатыр. Мұның бәрі біздің «цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында істеп жатқан шаруалар.

Демек қазақстандақтар электронды үкімет порталы қызметін пайдалауға ден қойған. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық нұсқада қызмет алғандар саны екі есеге артты. Осының өзі де орталықтардағы жүктеменің азаюуына түрткі болып отыр, дейді Жаңыл Әпекова.