Русский Сайттың толық нұсқасы

Армения президенті Қазақстан, Беларусь, Түркменстан елшілерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2018
  • 2657

Армения президенті Армен Саркисян Қазақстан, Беларусь, Түркменстан елшілерімен кездесті. Жиында екіжақты әріптестік пен Армениядағы саяси жағдай талқыланған. Мұны президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Ал РИА новости агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл кезде оппозиционер Никол Пашинян Ресей, Иран, Еуроодақ, Грузия елшілерімен кездесетінін мәлімдеген. Ал президенттің ТМД елдерінің елшілерімен кездесуі билік партиясының мәлімдемесінен кейін болып отыр. Республикалықтар, егер премьерлікке үміткер кандидат депутаттардың үштен бір бөлігінің дауысына ие болса, қолдайтындарын хабарлаған болатын. Никол Пашинян екінші рет 8 мамырда Армения үкімет басшысы ретінде ұсынылмақ. Бүгінде Ереванда 13 сәуірде басталған ереуілдер басылып, көшелер тазартылып жатыр. Көлік, теміржол, шекара өткізу бекеті ашылып, кеден қызметі қалпына келді.