Елдің тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Нұр Отан» партиясымен және Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе отырып, ауқымды жобаларды іске қоспақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына орай арнайы зерттеулер жүргізіледі. Бұл туралы Ассамблеяның XXVI сессиясында көтерілген Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жайы талқыланған жиында айтылды. Басқосуға Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов қатысты. Дін істері және азаматтық қоғам министрі маңызды міндеттерді жүзеге асыруда күш біріктіре әрекет ету қажеттігін алға тартты. Жастар ұйымдары мен аймақтар да шет қалмауы тиіс.
Дархан Қалетаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
"Рухани жаңғыруға" байланысты қазақтану мәселелері, әсіресе "Сокралды Қазақстан" бағытына байланысты. Бес әлеуметтік бастама халыққа қай тұрғыда жетті? Билік пен халық ортасындағы ұстанымдарды министрлік құзыретінде сол жағынан біз жұмыстар атқаруға дайынбыз.