Русский Сайттың толық нұсқасы

Сочиде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесуі өтті

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 2491

Еуразиялық интеграциялық құрылым мен халықаралық мәселелер және Астана процесі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы кездесуге дәл осы тақырыптар арқау болды,- деп хабарлайды РИА Новости. Кездесу барысында Путин: «Қазақстан біз үшін тек одақтас ел емес, жақын досымыз», - деп атап өтті. "Өткен жылы қос ел арасындағы сауда айналымы 30,5% артқан", - деді ол.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев қос ел үкіметі арасындағы тығыз байланысты сөз етіп, кез-келген мәселе шешімін оңай табатынын атап өтті. "Біз өте жақын елдерміз, сондықтан біздің БАҚ өкілдеріміз де сондай қарқында жұмыс істеп, ел арасында у-шу тудырмауы тиіс", - деді. Сөз соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді қайта сайлануымен құттықтап, бұл жеңістің тарихи оқиға екенін атап өтті.