Еуразиялық
интеграциялық құрылым мен халықаралық мәселелер және Астана процесі. Қазақстан
президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы
кездесуге дәл осы тақырыптар арқау болды,- деп хабарлайды РИА Новости. Кездесу барысында Путин: «Қазақстан біз үшін
тек одақтас ел емес, жақын досымыз», - деп атап өтті. "Өткен жылы қос ел арасындағы
сауда айналымы 30,5% артқан", - деді ол.
Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев
қос ел үкіметі арасындағы тығыз байланысты сөз етіп, кез-келген мәселе шешімін
оңай табатынын атап өтті. "Біз өте жақын елдерміз, сондықтан біздің БАҚ өкілдеріміз де сондай қарқында жұмыс істеп, ел арасында у-шу тудырмауы
тиіс", - деді. Сөз соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді қайта
сайлануымен құттықтап, бұл жеңістің тарихи оқиға екенін атап өтті.