Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭФ аккредиттеу орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 2251

Мамырдың 17 мен 19-ы аралығында өтетін Астана экономикалық форумына алыс-жақын шетелдерден 500-ден астам белгілі тұлғалар келеді деп күтіліп отыр. Арасында Ресей президенттігіне үміткер болған медиа тұлға Ксения Собчак та бар. Бұл туралы аккредиттеу орталығының ресми ашылуына қатысқан Астана экономикалық форумының бас продюсері және GVA Kazakhstan серіктесі Булат Столяров мәлімдеді. Аккредитацияда биыл екі пакет бар. Біреуі 35, екіншісі 150 мың теңге тұрады. Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің айтуынша, Астана экономикалық форумын ұйымдастыруға бюджеттен 410 млн теңге бөлінген. Бұл былтырғы шығын деңгейімен шамалас, тіпті одан да аз, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Бауыржан Тұрлыбеков, ҚР ҰЭМ стратегиялық жоспарлау, талдау департаменті директорының орынбасары:  

Біреуі стандарт деп аталады - 35 мың теңге. Оның ішіне сессиялардың ішіне кіру, тамақтану бар. Ал одан үздік пакет, оның бағасы 100 мыңнан асып отыр. Панелдік сессияға да, Президенттің қатысатын пленарлық отырысқа да қатысуға болады.