Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жоғары оқу орнында жантүршігерлік қылмыс орын алды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 3292

Шымкентте жұмыс орнында әйелін пышақтаған күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол экс-прокурор көрінеді. Оңтүтік Қазақстан мемлекеттік университеті ғимаратында болған қанды оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бөгде адам ол жерге суық қарумен қалай кірген? Бұл сауалға әріптесім Айзада Төребекқызы жауап іздеп көрді.

-Сізден сұрай берейікші... -Жоқ, оған мен жауап бере алмаймын. -Қай есіктен кірді ол кісі, мысалыға? -Білмеймін, апай, мен болған  емеспін ол күні.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты жоғарғы оқу орны басшылығынан қандай да бір түсінік алу мүмкін болмады. Ғимарат алдындағы күзетші ішке кіргізбеді. Ал, қойнында пышағы бар бөгде адамды қалай жібергендері түсініксіз. Бізге мәлім болғанындай, марқұм әйел осы университетте қызмет істеген. Сол күні 31 жасқа толған екен. Күйеуімен екеуара әңгімелесудің соңы пышақ сілтеумен аяқталған.

Разия Абытова, медициналық жедел жәрдем көрсету стансасы бас дәрігерінің орынбасары:

Тез бардық ол вызовқа 10 минуттың ішінде. Тез алып шықтық әйелді. Өте ауыр жағдай болғаннан кейін ол көзін жұмды стационарда. Пышақтаған кезде дәл түскен ғой кеудесіне пышақтаған кезде, бірнеше рет пышақ ұрған. Жағдайы қиын болғаннан кейін, біз апарамын дегенше, әйел көз жұмды.

Күдікті көп ұзамай ұсталған. 1977 жылы туған азамат сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Шымкенттегі Әл-Фабари аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанның ақпарынша, ол уақытша жұмыссыз. Бұған дейін бір ауданда прокурордың аға көмекшісі болып қызмет атқарғанын жеткізді. 

Ғани Байарыстан, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

Ерлі-зайыптылардың арасында болған жанжалдың арқасында осындай ашуға булығып пышақпен соққы жарақат келтірген. Айыпталып отырған іс-әрекеті аса ауыр қылмыстар санатына жатады, яғни 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осы қалада бір аудандық прокуратурада көмекші бұрын, қазір прокуратура прокуроры деп айтылады ғой, бірақ кезінде прокурордың көмекшісі деп айтылушы еді ғой, сондай жұмыс жасаған деген мәлімет бар.

Күдікті білдей бір оқу орнының ғимаратына суық қарумен қалай кірген? Қауіпсіздікке жауап беретін күзетшілер қайда қараған? Бұл сұрақтарға әзірге  нақты жауап жоқ. Ал полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Аталған жәйт бойынша Әл-Фараби АПБ бөлімінде ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Марқұм болған келіншектің артында кәмелет жасына толмаған баласы қалды. Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында белгілі болмақ.

Айзада Төребекқызы