Русский Сайттың толық нұсқасы

Жомарт Ертаев Мәскеуде алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2018
  • 2719

Қазақстан құқық қорғау органдарының сұранысымен Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаевқа жалған фирмаларға несие беріп, 80 млн доллар жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Айта кетерлігі, белгілі банкир аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған деген күдікпен халықаралық іздеуде болған еді. Ол қаржыны РБК банкінің басшылық тізгінін ұстаған кезде қымқырды-мыс. Жомарт Ертаев бұған дейін, яғни 2009 жылы, қаржылық құйтырқұлықтар үшін бір мәрте сотқа тартылды. Алайда тергеу изоляторында 9 ай отырған соң айыппұл төлеп бостандыққа шықты. Одан соң Ертаев бірнеше жыл «Алма ТВ» телекомпаниясын басқарды. Ал бүгінде ол «Тройка Д-Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен алынған жоқ. Қазір Ертаевты елге экстрадициялау жұмыстары жүріп жатыр.