БАҚ өкілдеріне арналған "Үркер" ұлттық сыйына 12 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова хабарлады. Оның айтуынша, биыл 12 номинацияға 1 млн теңгеден жүлде қойылған. Сайыстың биылғы ерекшелігі - қосымша номинацияны халық тағайындайды. Оқырмандар "Жыл хайпы", "Ең үздік блогер", "Ең танымал паблик" номинацияларын urker.el.kz сайтына кіріп, дауыс бере алады. Осы жолғы Ұлттық сыйлық «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналмақ. Вице-министрдің айтуынша, былтыр байқауға 700-ге жуық өтініш түскен. Сайыс жүлдегерлері 28 маусымда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесінде марапатталады.
Нұргүл Мауберлинова, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:
Сыйлықтың негізгі мақсаты -
талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау. Олардың кәсіби
журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау. Шығармашылық адамдардың
елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.