Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үркер" ұлттық сыйлығына 12 млн теңге қаржы бөлінді

  • AstanaTV
  • 10 мамыр 2018
  • 3410

БАҚ өкілдеріне арналған "Үркер" ұлттық сыйына 12 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова хабарлады. Оның айтуынша, биыл 12 номинацияға 1 млн теңгеден жүлде қойылған. Сайыстың биылғы ерекшелігі - қосымша  номинацияны халық тағайындайды. Оқырмандар "Жыл хайпы", "Ең үздік блогер", "Ең танымал паблик" номинацияларын urker.el.kz  сайтына кіріп, дауыс бере алады. Осы жолғы Ұлттық сыйлық «Қазақ» газетінің 105 жылдығына арналмақ. Вице-министрдің айтуынша, былтыр  байқауға  700-ге жуық өтініш түскен. Сайыс жүлдегерлері 28 маусымда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесінде марапатталады.

Нұргүл Мауберлинова, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

Сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау. Олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау. Шығармашылық адамдардың елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару.