Русский Сайттың толық нұсқасы

Висенте Лоссерталес ЕХРО көрмесіне дайындықты жоғары бағалады

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2016
  • 1401

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысымен бірге Астананың ЕХРО-2017 көрмесіне дайындығын талқылады. Айта кетейік, Висенте Лоссерталес кешелі бері іссапармен Астанада жүр. Кездесу барысында Мемлекет басшысы хатшыға алғыс білдіріп, ЕХРО құрылысы осы жылдың күзінде аяқталады деп уәде берді. Ал Лоссерталес дайындық барысына көңілі толғанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрылыс барысы мен дайындықты мен жеке қадағалап отырмын. Құрылыс жоспарға сай жүріп жатқанын сізге жеткізген болар. Осы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, көрмеге дайындықты бастауды көздеп отырмыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ