Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық шенділер аялдама кешендерін аукцион арқылы сатуды жолға қойды

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2018
  • 2895

Павлодарлық шенділер аялдама кешендерін аукцион арқылы сатуды жолға қойды. Осылайша, қараусыз қалған аялдамалар мәселесін түбегейлі шешуді қалайды. Нысандардың ең арзаны 7 мың теңгеге саудаланса, ең қымбаты 579 мың теңгеге сатылған. Жалпы аймақта бәссаудаға шығарылған 31 жер телімінің 24-і сатылды. Жер қатынастары бөлімінің дерегінше, аукцион арқылы саудаланған нысандардың жалпы құны 26 млн 927 мың теңге. Өтпей қалған 7 телім келесі сатылымға қайта шығарылады. Саудаланған телімдердің пайдалану бағыты әр түрлі. Тұрғын-үй салуға арналған алаңдардан бастап, бизнес нысандарына дейін қарастырылған. Бәссаудаға шығарылған жер телімдерінің бастапқы құны - 12 мың теңге. Ең қымбаты 3,6 млн теңге,-дейді шенділер.

Мақсұт Жүнісов, Павлодар қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

Сатылымға 5 аялдама кешені шығарылды. Бүгінде 5 лоттың үшеуі саудаланды. Ал қалған екі нысан сатып алушылардың болмауына байланысты өтпей қалды. Бұлар келесі аукционда қайта сатылмақ.