Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтардың жалақысы өсе бастады

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2018
  • 2599

Қазақстандықтардың жалақысы өсе бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. Жыл басынан бері 134 мыңнан астам адам кәсіп тапқан.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Ағымдағы жылы сәуірде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды және 4,9 пайызды құрады. Айтарлықтай ұзақ мерзімнен кейін ағымдағы жылдың басынан бастап нақты еңбекақының өсуі байқалады. Ол 1,2 пайызды құрады. Қаңтар сәуірде орташа айлық еңбекақы 152,3 мың теңгені құрады.

Ал қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қаңтар-сәуір айларындағы бюджеттің кірісі мен шығысы туралы баяндап, ақшаны игермеген ведомстволарды атады. Ең ірі игермеу қорғаныс министрлігіне тиесілі. Басты себеп - келісімшарттардың ұзақ жасалуы мен конкурстардың кеш жүргізілуінен, - деп атап өтті қаржы министрі.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Бюджет қаражаты 97 млрд теңгеге атқарылмады. Бұл сома 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 есе аз. Былтырғы жылы 1 мамырда 169 млрд теңге атқарылмаған болатын. Оның 11 млрд теңгесі үнемдеу болады. Ал игерілмеген сома - 86 млрд теңге. Ең ірі сома 35 млрд теңге қорғаныс министрлігінде қалып отыр.