Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлер палатасы: ОҚО кәсіпкерлерге несие рәсімдеуде кедергі көп

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2018
  • 3053

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге несие рәсімдеуде қаржы ұйымдары тарапынан кедергі көп. Банктер іскер азаматтарға кепілдік ретінде мүліктерін сақтандыру мен бағалауды өздері белгілеген компаниялармен ғана жүргізуге міндеттеп келген.

Бұл мәселе бүгін аймақтағы кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте көтерілді. Шалғай ауылдарда тұратын шаруа қожалықтарының иелері де мүлкін бағалату үшін облыс орталығына сабылуға мәжбүр, деді палата өкілдері. "Тіпті кәсіпкерлер шағын несиелендіру бойынша өтінішті қарастыру алдында, кепілдік затын бағалатып, нотариалды куәландыру үшін қыруар қаржы жұмсайды. Соңында тиісті комиссия оған қарыз беруден бас тартады". Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшылары осыған алаңдаулы.

Сабира Адамбекова, ОҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

Мысалы, Түркістан қаласында екі бағалаушы компания болуына қарамастан, фонд, қаржылық ұйымдар осы қаладағы бақылау компанияларын ұсынады. Ол, әрине, олардың қызметтері кәсіпкерлер үшін, шаруа қожалықтары үшін ауданнан келіп жатқан өте үлкен шығынға келтіреді. Жалпы қаржы институттарының қойып отырған талаптары бүгін арнайы бақылау компаниясын өзі белгілеп, кәсіпкерге ұсыну, мәжбүрлеу ол негізсіз деп санаймыз.