Сирия келіссөздерінің 10-шы кезеңі Сочиде өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. Бүгін Астанада кезекті келіссөздер өтіп, жұмыс нәтижесі қорытындыланды. Сирия оппозициясының жетекшісі Ахмад Тома Идлиб аймағында атыс-шабыстың тоқтауға жақын екенін айтады. Ал Сирия үкіметінің өкілі Башар Джаффаридың мәліметінше, Дамаск Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығы үшін күреседі. Кепіл мемлекеттер ұсынған келесі кездесу орнына қарсы шыққандар бар.
Ахмад Тома, Сирия оппозициясының жетекшісі:
Біз шиеленісті талқылауға бүгін Астанаға келдік. Басқа жерге емес. Егер кепіл мемлекеттер басқа елге баруды ойласа, бара берсін. Бізге оның қатысы жоқ. Біз келіссөзді тек Астанада жалғастырамыз.
Қазақстан
СІМ-нің өкілдері мен Ресей тарапы да Сочиден соң келіссөздер қайта Астанада
жалғасатынын айтты. 10-шы кезең шілде айында өтеді. Ресей өкілі, қазір барлық
күшті атысты тоқтауға емес, гуманитарлақ көмек пен саяси сұрақтарды шешуге
бұру қажет, дейді. Өйткені Сирияда лаңкестер қалмады, адамдар елге оралуда
дегенді айтты. Ал Сирия оппозициясының өкілдері мұнымен келіспейді. Олар елде
әлі де содырлар бар екенін білдіретін картаны көрсетті. Осыдан соң Сочиге оппозиция өкілдерінің келуі екіталай.