Русский Сайттың толық нұсқасы

ОҚО-да мектеп оқушысы терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2018
  • 3081

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы 4 жылға сотталды. Сайрам ауданының тұрғыны "Терроризмді насиxаттап, діни алауыздықты қоздырған» деп айыпталған. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған осындай үкім кесті. Оқушының ұстаздары да, туыстары да бұл жағдайға түсінбей дал. Әріптесім Айзада Төребекқызы баяндайды.

Ән тыңдап жүрген араб тілінде. Ол арабша оқи алмайды. Арабша аудармасын білмейді. Ішінде жеті-сегіз ән болған ғой, екеуі сол жиһадқа шақыратын ән болған ғой.

Қарабұлақ ауылының тұрғыны Ғафуржан Ишметов сот қатал үкім кесті дейді. Ұлына былтыр қалта телефонын сатып әперген әке мұның түбі неге соқтырарын білмеген, әрине. Намаз оқитын баласы «сауабы мол» дегенді естігелі ғаламтордан арабша әндер тыңдап жүреді. Бұрын қолданыста болған телефонның ішінде бірнеше жазба бар екен. 

Ғафуржан Ишметов: 

Не үшін ондай қатал жаза берді, мен білмеймін. Дәлелдеп берсін, міне балам мынаған жіберіп қойса, айтсыншы. Ешкім, тіпті аудио жібермеген бейшара балам. Специалистін шақырды, «чисто», деді ғой.

17 жасар бозбала былтыр қарашада Сайрам ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған. Сол кезде тағы он адам қамалғанын жаңалықтарымзыда хабарлаған едік. Кәмелет жасына толмағандықтан, оқушы сенім хатпен босатылады. Содан бері сабаққа да қатысып келген. 3-мамырда сотқа шақыртылған ол бірден темір торға тоғытылған. Оқушының сынып жетекшісі де, достары да болған жәйтке сене алар емес.

Зулхумар Ташметова, сынып жетекшісі:

«Енді барлығы маған қарайды, мен айыпты емеспін»,- деп айтты қанша рет. Бұл баланың үлгерімі нашар болғанмен, келешекте арзулары мол еді. Бұл бала ондай іске барады деп ойламаймын мен.

Осы жағдайдан соң мектеп директорынан бастап, сынып жетекшісіне дейін шара қолданылған. Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деді білім ошағының басшылары.

Мұратхан Таджиев,  «Қарабұлақ» орта мектебінің директоры:

Біз үшін үлкен сабақ болды. Біз енді жалпылай бақылайтын болсақ, қазір әрбір оқушыны күнде бақылайтын болдық. Үйінде қандай жұмыс атқарып жатыр, мектепке келгенде қандай жұмыс атқарып жатыр, әр сабақ сабақта алдын бір күнде бір тексеретін болсақ, әр сабақта қазір тексеріп жатырмыз оқушыларды.

Әкесі ұлының төрт жылға сотталғанына көне алар емес. Облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жазбаша ақпаратына сай, жеткіншек бірнеше бап бойынша айыпты деп танылған.

ҚР ҚК 174 бабы 1-бөлігі, 256-бабының 2-бөлігімен айыпталған кәмелет жасына толмаған азаматқа 55-баптың 4-бөлігі және 58 баптың 3-ші бөлігі қолданылды. Тым қатал емес жазаны неғұрлым қатал жазаға сіңіру арқылы 4 жыл мерзімге жаза тағайындалды. «Кәмелетке толмаған адамды ата-анасына қарауға ұстауға беру» түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертіліп, сот залында қамауға алынған.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Оқушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Сотталушының ата-анасы апелляциялық шағым түсіргендерін айтты. Олар  ұлының ақталып шығарынан үмітті.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ