Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келген жастардың әзірлігі қалай?

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2018
  • 3356

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсырғысы келген жастардың әзірлігі қалай? Тілшілеріміз бүгін осы сұраққа жауап іздеген еді. Шет тілінде сынақ тапсыруға Атыраудан 22 түлек өтініш берген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры хабарлады. Жалпы, сынақты ағылшын тілінде тапсыратын 45 түлектің жетеуі Оңтүстік Қазақстаннан. Астана мен Алматыдан бес түлек. Биыл алғаш рет енгізілген жаңашылдықтың пайдалы тұстары жайлы тілішіміз Диана Сапарқызы айтып береді.

Биыл Астанада ағылшын тілінде бар-жоғы 5 түлек тестілеуден өтпек. Олардың бірі - Айжан Сұрапбай. Таңдаған мамандығы - халықаралық қатынастар. Бейжіннің беделді университетіне түсуді қалайды. ҰБТ-ді шет тілінде тапсыру себебі - өзінің білім деңгейін тексермек.

Айжан Сұрапбай, мектеп бітіруші:

Негізінен мен шетелдік университетке түспекшімін. Бірақ сол жерде ағылшын тілінде оқығандықтан, ЕНТ-да ағылшын тілінде пәндерді тапсыруға жөн болады деп көрдім.

Тестілеу орталығының ақпарынша, шет тіліндегі сұрақтарды ағылшын тілінде дәріс беретін мұғалімдер құрастырған. Орталық директоры биылғы жаңашылдық барысында  қателік кездеспейтініне сенімді. Себебі әр тапсырманы жеке-жеке кәсіби мамандардың тексеруінен өткізген.

Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Бұл сұрақтарды Қазақстан Республикасының мұғалімдері, бірақ сол пәндерді ағылшын тілінде береді мұғалімдер. Бұл жерде аудару емес, қазақша я болмаса орысша нұсқаудан аудару емес. Өзі сұрақты ағылшын тілінде құрастырады өзінің пәні бойынша, бірақ салыстырмалы түрде қасында қазақша және орысша нұсқасы тұрады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Биыл мемлкеттік тілде түлектердің 80 пайызы ҰБТ тапсырмақ. Бұндай көрсеткіш бұрын соңды болмаған. Тестілеу орталығы ең алғаш 140 ұпай алған түлекке  қымбат телефон сыйламақ.