Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау әкімі қоғамдық белсенділермен кездесті

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2018
  • 3094

Атырауда бір жасқа дейінгі нәрестелерде даму кезеңінің бұзылуын ерте анықтау  жұмыстары ақсап тұр. Медициналық мекемелердің бұған қауқары жетер емес. Сауықтыру кешенді жүргізілмеген соң нәтиже нашар, - дейді қоғам белсенділері. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, осы және өзге де мәселелерді талқылады. 

20 жылға жуық медициналық көмек көрсетумен айналысатын үкіметтік емес ұйым басшысы Жібек Бисенованы мазалайтын мәселесінің салмағы ауыр. Тек Атырау ғана емес, республика бойынша десаулығында ақау бар сәбилерді кешенді емдеу жоғары деңгейде емес,- дейді ол.

Жібек Бисенова, «Болашақ» қоғамдық қоры төрайымы:

Емханалар тек қана тамырға дәрі жіберіп, массаж жасайды. Соның бәрін бірге, кешенді түрде, комплексный дейді ғой, солай жасасақ, бізде нәтиже болады.

Жиында өз проблемаларымен өздері күресуге шыққан «ерекше» науқас балалардың аналары да сөз алды.Олар үкіметтік емес ұйым мүшесі ретінде емдеу қызметінің қымбат екенін айтып шағымданды. Мұнайлы өңірдің экологиясына алаңдағандар, жасыл желекті көбейтуге назар аудару қежеттігін айтады. Салауатты өмір салтын ұстанған ұйым өкілдері спорт залдарын салуға жер телімін бөлуді сұрайды. Атырауда азаматтық сектор өкілдерімен мұндай ашық диалог алаңы көптен бері ұйымдастырылмаған. Мүмкіндікті қалт жібергісі келмеген үкіметтік емес ұйым жетекшілері сауалдары мен ұсыныстарын айтып, жобаларын көрсетіп қалуға тырысты.

Әйгерім Жәрдемова, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» жетекшісі:

Қоғамдағы әртүрлі проблемаларды бірігіп шешу. Былайша айтқанда, үлкен ашық алаң. Осы жерден көп сұрақтарға жауаптар табылуда. Жалпы өңірімізде бұл кездесуге 150 ге жуық үкіметтік емес ұйым мүшелері мен азаматтық белсенділер  қатысуда.

Айта кетейік, аймақта 100-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс істеуде. Олар мемлекеттік тапсырыстармен қатар, аймақтағы ірі компаниялардыңгранттарымен жұмыс істеп жүр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ