Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларымен және қорғаныс министрлерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2018
  • 2857

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларымен және қорғаныс министрлерімен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Мемлекет басшысы әлемде және аймақта күрделі әскери-саяси ахуалдың сақталып отырғанын айтты. Халықаралық террористік ұйымдардың белсенді әрекеті салдарынан ақпараттық кеңістікке төнетін қауіп-қатердің артып келе жатқанына да тоқталды. Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерді материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етудің нақты бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы практикалық шараларға ерекше көңіл бөлу қажет. Ол үшін KADEX-2018 көрмесінің мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының біріккен штабының саны едәуір өсті. Сондықтан оның жұмысы сапалық тұрғыдан жақсарады деп үміттенуге құқымыз бар. Қазақстан халықаралық терроризмді жалпы әлемдегі және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жауапкершілігі аясындағы ең өткір проблема деп санайды.