Русский Сайттың толық нұсқасы

Цифрлық технологияны игеру тақырыбы талқыланды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2018
  • 2991

Қазақстан кәсіпорындары үшін цифрлық технологияны игеру баяу жүріп жатыр. Елімізде бірнеше өндіруші мекеменің жұмысымен танысқан неміс кәсіпкерлері осылай дейді. Алматыда Қазақстан - Германия кәсіпкерлер қауымдастығы «Цифрлы Қазақстан» тақырыбына байланысты семинар ұйымдастырған.

Жаңа технологияға көшу логистикалық қызметте, қойма жүйелері мен кейбір көліктік кәсіпорындарда сатылап енгізіліп жатыр. Бірақ оның қарқын алуына мамандар тапшылығы мен сандық жүйені кәсіпорын жетекшілерінің дұрыс түсінбеуі кедергі болып отыр, дейді шетелдік мамандар. Кәсіпкерлер қағазбен жұмыс істеуді қолданыстан шығаруы қажет. Ол үшін клиенттермен қарым-қатынаста белгілі бір компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды әдетке айналдырған дұрыс. Сарапшылар пікірі осы.

Хэй Мюллер, экономикалық сарапшы, Германия:

Қазақстандағы ондаған кәсіпорынды аралап көрген соң, өз қорытындымды жасадым. Мұнда әлі де тәжірибе мен оны жүзеге асыратын мамандарды даярлауға мән беру қажет.