Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы басталды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2018
  • 3591

Бүгін айлардың сұлтаны - қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Биыл бірқатар елдерде Ораза айы бір күнге кешігіп басталды. Мұндай шешімді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат негізінде және ішкі астрономиялық зерттеулер нәтижелеріне сүйеніп жасалғанын айтады. Ораза кезінде әрбір мұсылман жақсы амалдарды орындауға ұмтылады. Дін өкілдері бұл айда адамдары мейірімді және кешірімді болуға шақырады. Әлем бойынша шамамен екі миллиардтан астам мұсылман қасиетті Рамазан айының келгеніне қуанып, жақсы амалдар жасауды қолға алды. Мысалы, Пәкістандағы мешіттерде бұқара намаз оқып, қасиетті айдың басталуын атап өтті. Индонезия тұрғындары қасиетті айға екі апта бұрын дайындалған. Рамазан айынан соң 15 маусымда Ораза айт мерекесі басталады.

Естеріңізге салайық, "Астана" арнасы биыл да еліміздің әрбір өңіріндегі ауыз ашар уақытын күн сайын эфирден көрсетіп отырады.