Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеніштегі оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2018
  • 2946

Маңғыстау облысындағы «Комсомольское» кенішінде болған төтенше жағдайдың себептерін құқық қорғаушылар тексеріп жатыр. Өрт кезінде 32 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр деп отыр. Оқыс оқиға скважинаны жөндеп жатқан кезде болған. Қазір бұл дерек бойынша «еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ІІД баспасөз хатшысы:

Тиісті сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер облыстық ауруханаға санавиациямен жеткізілген. Олардың біреуі әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 60% күйіп қалған. Тағы екі адам травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр дейді.