Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия үкіметінің әскері Дамаскіні толық бақылауға алды

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2018
  • 2466

Сирия үкіметінің  әскері Дамаскіні толық бақылауға алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі, осы елдегі Қарулы Күштер қолбасшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Сирия  астанасында әскери операциялар аяқталғаннан кейін, ДАИШ-тан  бір де бір лаңкес қалмаған. Қазір Дамаскіде полиция қызметі мен кейбір мемлекеттік органдар жұмыс істей бастады.

Еске салайық, БҰҰ-ның деректері бойынша, биыл Сириядағы ішкі мигранттар саны шамамен 700 мыңдай адамға жетті.