Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру жайы талқыға түсті

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2018
  • 2782

Қостанайда қылмыстық атқару жүйесінің қазіргі түйткілдері мен даму келешегі талқыланды. Ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстанның және бірнеше шет мемлекеттердің белгілі ғалымдары мен заңгерлері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Халықаралық шараға мәжіліс депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері де атсалысты. Конференция барысында Қазақстан, Ресей, Германия, Голландия ғалымдары баяндама жасап, өзара ой бөлісті. Олар қылмыстық атқару жүйесіне қатысты нақты төрт бағытта талдау жасады. Түрмедегі жәбірлеу, зорлау жағдайларын, пробация мәселелері сөз болды. Жазасын өтеушілердің құқығы және жазаның орнына қоғамдық жұмысқа тарту тиімділігін талқыға салды.

Нұрлан Әбдіров,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес төрағасы:

Конференцияның ерекшелігі - біз практиктермен бірге, министірліктер мен олардың өкілдері, басшыларымен бірге, біз үлкен ғалымдардың тобын жинап отырмыз. Оның ішінде жиырма шақты ғалым Ресейден  келіп отыр. Германиядан және Голландиядан бар. Ал енді нәтижесі бізде үкіметке, мемлекеттік органдарға, парламентке нақты ұсынымдар болады.