Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды тұрғындарына сәлемдеме жіберіп, алуға робот көмектеседі

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2018
  • 2702

Ерекше пошташы. Қарағандылық тұрғындаарға сәлемдеме жіберуге немесе алуға енді робот көмектеседі. Қуаныш есімді құлтемір 20 пошташының жұмысын атқаруға қауқарлы екен.

Қуаныш, какая погода на улице? - Сегодня за окном температура воздуха 26 градусов, слегка облачно.

Тұрғындар осы роботтың нұсқауымен жасырын пароль алады. Кезекке тұрмай-ақ құпия белгіні теріп, 1 минуттың ішінде алыстан келген сәлемдемені арнайы жәшіктерден алып кете беруіне болады.  Мамандардың айтуынша, сәлемдемелердің саны жыл санап артуда. Сондықтан пошташылардың жұмысы көбейген. Ел тұрғындарына былтыр әртүрлі мемлекеттерден 17 миллиондай сәлемдеме келген.