Лифтілер туралы. Осы аптада тағы кісі өлімі. Атырауда зәулім үйлердің бірінде екі жеткіншек 15- қабаттан лифт шахтасына құлап көз жұмды. Марқұм болған балалардың бұл үйде тұрмағаны, туыстарына қонаққа келгені айтылды. Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдемді шақыру да оңай болмаған көрінеді.
Сол үйде тұратын әйел:
Есікті ашсам, бір орыс келіншек мына жерде «помогите» деп, көршілер де келген. Мен есікті қайта жаптым ананы көре алмай. Екі баланы шығарған. Екі бала ол кезде тірі болды. Одан кейін скорый келіп болған жоқ. Скорый шақырдық, линия занят болды. Сасқанымнан 102-ге звондадым, скорый занят болып жатыр деп, олар біздің неміз жоқ, скорыйға звонда деді.
16
қабатты үй көне емес. 2007-ші жылы салынған. Арада 5 жыл өткенде тұрғын үйге
қызмет көрсетіп тұрған қос лифт де істен шығады. Тек 2013-ші жылы адамдарды
таситын шағын жеделсаты жаңғырту бағдарламасымен жөнделіпті. Ал, жүк лифт сол
күйі істемеген. Төтенше жағдай мамандар лифтінің тұрғындардың мүлкі екенін
айтып, жауапкершілік солардың мойнында дегенге келтірді. Пәтер иелері жеке-жеке
«Каспий лифт» мекемесімен келісімге отырған, ал мекеменің бас кеңсесі Алматыда
болып шықты. Әкімдік қаладағы барлық лифтілердің жағдайын анықтау үшін комиссия
құрғандарын айтып отыр. Өткен айда ғана Ақтөбе қаласында болған қайғылы
оқиғадан – ол кезде келіншек қаза тапқан, сабақ алмағаны көрініп тұр. Атырау
төтенше жағдай қызметінің мамандары қалада 94 көп қабатты үйде 266 лифт барын
айтты. Оның 32-сі істен шыққан. Жалпы,
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының әбден тұралағаны туралы қаншама материал
жасап жүрмыз. Лифт қызметі де соның ішіне кіреді. Бұл жерде ашу туғызатыны,
ескі үйлердегі лифтілердің жағдайы түсінікті, ал салыстырмалы түрде жаңа
үйлердегі лифтілер неге сынады?
Нұрлан Кенжебаев, лифт
қызметіндегілер одағының басшысы:
Застройщиктер Қытайға барады /бірақ онда да жақсы компаниялар бар/, олар шынын айтады, мынау жақсы лифт бағасы 20 мың доллар. Бірақ жақсы компаниялардың жанында кішкентай цехтар бар. Олардан 20 емес, 10 мың долларға лифт сатып аласыз. Сіз қалаған фирманың атын жазып береді. Осы 10 жыл ішінде талай сапасыз лифт келді. Оның сапасын орнатқанда сіз көре алмайсыз. 3-4 жыл жақсы істейді, содан кейін басталады, проблемалары.
Сөйтіп құрылыс компаниялары көпқабатты тұрғын үйлерде бір лифтіні жобалап, соған сай шахта салады. Ал құжатты сараптамадан өткізіп алған соң, арзан және сапасыз лифтіні орната салады. Ондай лифт тез істен шығады. Ауыстыру керек болады. Ал ол арзан емес -25 мың доллар. Сол кезде оны кім төлейді?- деген сауал туады.
Нұрлан Кенжебаев, лифт қызметіндегілер одағының басшысы:
Үй салынғанда лифт 25 жылға беріліп отыр. Бірақ 25 жыл өткесін кіс ауыстырады? Жаңа лифтілер бойынша жаңа статья қосып отырмыз, капиталдық шығындар дегенге – оны адамдар түсінуі керек, ол ақшаны төлеуі керек. 25 жылда жаңа лифтіге ақша жинап отыруымыз керек.
Нұрлан Кенжебаевтың хабарлауынша, кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы және Инвестициялар министрлігінің өндірістік қауіпсіздік комитетімен құрылған жұмыс тобы лифт компанияларына қойылатын талаптар жазылған ұлттық стандарт дайындап жатыр. Дегенмен қазіргі уақытта лифт компанияларының қызметін бірде-бір мемлекеттік орган қадағаламайды деуге болады. Өзінен өзі ақша құйылып жататын сала болып кеткен ғой, сөйтіп, бір қаладағы лифтіні елдің басқа түкпіріндегі қалада орналасқан фирма басқаратын күйге жеткенбіз. Бір түйір талап қойылмаған. Лицензия алынып тасталған.
Нұрлан Кенжебаев, лифт қызметіндегілер одағының басшысы:
Лифтпен айналысатын компаниялар аттестациядан өткен персоналы бар ма, персоналды оқытатын жері бар ма, техникасы бар ма, авариялық қызметі бар ма, диспетчерлік бақылау бар ма? – соның бәрін тексеру керек. Ал қазіргі күні кез-келген адам ип ашады да, барады да кск-мен келісіп, жұмыс алады. 3-4 жыл өткесін, лифт сына бастағаннан қашады. Ойбай, қарай алмаймын, дейді...