Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлыбританиядағы ресейлік коррупция» жайлы.

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2018
  • 2025

Британия парламентінің халықаралық істер комитеті осы аптада бір есеп жариялады. Құжат коррупциямен күресіп жүрген белсенділер мен журналистердің айғақтары, сонымен бірге аудиторлық фирмалар мен зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. -Ол не есеп?- дейсіз бе? «Мәскеу алтыны: Ұлыбританиядағы ресей коррупциясы» деп аталатын құжат Ресейден ағылған «лас ақша» туралы. Жылдар бойы Британияның соны тоқтатуға талпынбағаны жайлы. «Лас ақша» кіргізбеу туралы заң британ басшыларының саяси ерік-жігерінің болмауынан тиімсіз болды, дейді құжат авторлары. Ал нақты сандарға келсек, Transparency International ұйымының британ бөлімшесінің бағалауынша, Британияның жылжымайтын мүлік нарығына 4,4 млрд-тан кем емес «лас фунт» салынған. Оның 1 млрд-тайын орыс олигархтары құйған. Және бұл ақша айсбергтің көрініп тұратын бөлігіндей екенін ескертеді. Негізі, осы көктемде Британия атқарушы билігі елдерінен қашып, Британияны паналаған шетелдік олигархтар және саясаткерлермен күресетіндерін мәлімдеген: ішкі істер министрінің орынбасары Бен Уоллес өздерінде тұратын шетелдік байлардан қазынасының шыққан тегін түсіндіруді талап ететіндерін айтқан. «Активтеріңді тексеріп, оларды бұғаттап, өмір сүру өте ауыр болатындай етеміз», деген ол.

«Дейли Телеграф» басылымы Британияда өмір сүріп жатқан ресейлік 10 бизнесменнің Кремльден елге қайтуға рұқсат сұрағанын жазды. Иә, кезінде қашып кеткен олигархтар. Британияның «лас ақшамен» күресуіне түрткі болған Кремльмен арадағы текетірес. Биліктің өзінің мәлімдеуінше, сонымен бірге жақында шыққан «МакМафия» сериалы да түрткі болған. Онда Лондон «ресейлік олигархтар мен гангстерлердің мекені» ретінде көрсетілген. Көргем, шынында жақсы сериал. Жалпы, Британияға жылына 90 млрд фунт «лас ақша» кіреді екен.