Русский Сайттың толық нұсқасы

Қамшымен сурет салу...

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2018
  • 8696

Бейбіт Әсемқұл есімді суретші бар, қамшымен сурет салып жүр. Суретті 3 жасынан ұнатқан ол, қазір Астанадағы бейнелеу өнері мектебінде сабақ береді. Жақында Ұлттық мұражайдың қолдауымен Германияға тәжірибе жинап келуге барады. Ондағы суретшілер көрмесіне қамшымен салған туындысын да қоймақ.

Бейбіт Әсемқұл, суретші:

Меніңше, Қамшы қазақилық әдістің түрі. Осыған дейін қылқаламмен жұмыс істесем, қазір қамшыны қолданам, меніңше бұл ерекше. Кенепті ұрып немесе соғып қалдырған іздер тіпті өзіме жаңалық. Кейбіріне ұнап жатыр, қызық көріп жатыр. Кейбіреулері басқа суретшімен салыстырып жатыр. Америкалық Джексен Полк деген суретші бар. Ол қамшымен емес, өзінше бір айғыздап салады. Кезінде сөйтіп салған болатын. Бұл тез экспрессиялық қамшымен ұру әдісінің өзі бүгінгі уақытты айқындап тұрғандай.