Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚКҰ мүше елдер лаңкестердің интернеттегі жұмысымен күресті күшейтпек

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2018
  • 3728

Интернеттегі лаңкестік топтар, заңсыз көші-қон, халықаралық қауіпсіздікке қауіп-қатер. Осы және өзге де сұрақтарды Астанада Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңесі хатшылары талқылады. Тараптар ұлтаралық  мәселелерді реттеу бойынша да пікір алмасты. Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі хатшысы Нұрлан Ермекбаев ұжымдық келісімшарт ұйымына мүше елдердің халықаралық ахуалға қатысты ойлары ортақ және бұл проблемалар жіті сараптауды қажет етеді дейді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы:

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының Интернеттегі лаңкестік топтар, заңсыз көші-қон, ақпараттық қауіпсіздік, заңсыз есірткі айналымы секілді бағыттар бойынша жұмысын нығайтуға баса назар аударылды.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев қауіпті аймақтардан қайтатын лаңкестердің жолын кесу жайын атап өтті. Сондай-ақ ұйымға мүше елдер терроризммен онлайн кеңістікте күреспек. Өйткені интернет арқылы жақтастар қатарын толтыру қиын емес, дейді.