Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді талап етті

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2018
  • 2929

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді талап етті.  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдап, осындай міндет жүктеді. Кездесу барысында Алик Шпекбаев Елбасыға агенттіктің атқарған жұмыстары мен жемқорлыққа қарсы шаралар жөнінде есеп берді. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтты. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақы мәселесін шешіп, басшылықтың жауапкершілігін арттыруды да тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жемқорлыққа қарсы күрес бұрыңғыдан да күшею керек әр жерлерде. Біріншіден, мониторинг жасап, басқа да нарықтық әдістермен қарым-қатынасын цифровойға көшіру мәселесін қарайтын болсақ, жемқорлыққа жол болмайды. Сол жағынан қарау керек. Екінші жағынан, жалақысын жөндеу керек, үшіншіден, талап қою керек алдына тиісті.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

Қазақстан қазір жемқорлықсыз, таза заманауи, құқықтық мемлекет құрды. Осы жолдағы ең басымдылықтары - біріншіден, ашықтық, транспоренттік, қоғам алдында есеп беретін мемлекет құрылды деп айтуға болады.