Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы аясында Украинаға
қатысты байланыс тобын құру - өзекті мәселе. Бұл жөнінде ұйымның Венада өтіп
жатқан кеңесінде Сенат спикері
Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Сондай-ақ төраға Минск келісімдері толық
орындалуы тиіс дегенді де қосты.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Минск
келісімдері, әсіресе, олардың орындалуына қатысты кешенді жоспарлар жүзеге асуы
тиіс. Бұл Украинадағы ахуалды ретке келтіру үшін қажет. Қайшылықтарды тоқтатуды
көздейтін мемлекеттер конфронтациялық сөз қағыстыруларды доғарып, нақты істерге
көшуі керек. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясы аясында Украинаға қатысты байланыс тобын құру әлі де өзекті деп
есептейміз.
Айта
өтейік, Австрия астанасы Вена қаласында Еуразиялық ынтымақтастық және
қауіпсіздік ұйымы Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы басталды. Оған 50 мемлекеттен делегаттар
қатысуда. Талқыланып жатқан негізгі
мәселелер қатарында Еуропадағы миграциялық дағдарыс, терроризммен күрес және
Сирия мен Украинадағы жанжал тақырыбы бар.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА