Русский Сайттың толық нұсқасы

Брюссель соты Қазақстан Ұлттық қорының 21,5 млрд доллар активтеріне салынған шектеуді алып тастады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2018
  • 2050

Брюссель соты Қазақстан Ұлттық қорының 21,5 млрд доллар активтеріне салынған шектеуді алып тастады. Бұл ақпарат әділет министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Қалған 530 млн доллар қаражаттан шектеуді ағылшын соттарында алып тастауға болады деп ұйғарды. Бұл іс 2010 жылы басталған. Сол тұста  молдовандық қос кәсіпкер - ағайынды Статилер - Швециядағы төрелік соты арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті. Ал Ұлттық қордың активтері өткен жылдың соңында бұғатталды.

Бельгия соты уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда, 530 млн АҚШ долларымен шектелуі керек деп ұйғарды. Бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі 21,5 млрд АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бельгия сотының ұйғарымына сай, тыйым салуға негіздің бар-жоқтығын ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі, тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін, Англияда тиісті әрекеттер қабылдайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ