Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр ғарыш айлағы азаматтық нысанға айналуы мүмкін - Б.Атамқұлов

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2018
  • 3757

Байқоңыр ғарыш айлағы азаматтық нысанға айналуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей өз әскерилерін Байқоңыр аумағынан шығару мәселесін қарастырып жатыр. "Бұл бағытта жұмыс жүргізілу үстінде, бірақ біз Ресеймен келіссөздерге әлі отырған жоқпыз" деді министр. Сондай-ақ, егер ғарыш айлағы азаматтық салаға ауыстырылса, коммерциялық нысан ретінде қыруар пайда әкелетінін айтты.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Коммерцияландыру дейді ғой. Сонда біз одан басқаша пайда көретін боламыз. Оны дамытуға болады. Ұшыру дегеннің өзі нарықта бизнес болды. Мыңнан астам серік ғарышқа ұшыруды күтіп отыр. Оның бәрі үлкен-үлкен елімізге де пайда болады, қалаға да пайда болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ