Қарағанды облысындағы ақ халаттылар да менингитке қарсы вакцина сатып алуға кіріскен. Екпелер маусымның басында аймаққа жеткізіледі дейді. Бельгиялық препарат ақылы түрде егіледі.
Ирина Князева, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас маманы:
Әзір 28 доза ғана алдық. Бір адамға жасалатын екпенің бағасы 25 мың теңге. Егер тапсырыс көбейсе, тағы алуымыз мүмкін.
Мамандардың
айтуынша, аймақтағы жағдай тұрақты. Бұған дейін Қарағанды облысында мұндай
вакцина ешкімге жасалмаған. Өңірде «менингит» диагнозы тіркелген жоқ. Дегенмен
өзге облыстардағы жағдайдан кейін аурудың алдын алу үшін екпе сатып алуды жөн
санаған. Вакциналар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев қалаларының
емханаларына жіберіледі.